«Конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 303 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығы

«Конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 303 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 303 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13866 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына және 26-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген конкурстық негізде алынатын жоғары білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарттарында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі.»;

2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2) «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;»;

2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Конкурстық негізде алынатын жоғары білім берудің ең төмен әлеуметтік стандартының нормалары мен нормативтері:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.